Жаңалықтар

Алатауда әуе таксиі пайда болады

Алатау қаласында әуе такси жүйесін құру мақсатында шамамен 300 млн долларға электрлі eVTOL ұшақтарын сатып алу көзделіп отыр.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, америкалық Joby Aero, Inc. компаниясы, Alatau Advance Air Group Ltd. және кәсіпкер Вячеслав Ким өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды. Оған сәйкес Алатау қаласында әуе такси жүйесін құру мақсатында шамамен 300 млн долларға электрлі eVTOL ұшақтарын сатып алу көзделіп отыр.

Бұл тігінен ұшып-қонатын инновациялық ұшу аппараттары Қазақстандағы алғашқы қалалық әуе мобильділігі (Urban Air Mobility) жобасының негізі болмақ. Жоба аясында сертификаттау және демонстрациялық ұшуларға арналған сынақ алаңын құру, сондай-ақ Алатау мен Алматы қалаларының көлік желісіне әуе таксиді интеграциялау жоспарланsg josh.

«Қазақстан инновациялық көліктің болашағына қадам басуда. Электрлі eVTOL ұшақтарын сатып алу - смарт қалалар мен заманауи технологияларды енгізу бағытындағы маңызды кезең. Бұл шара Алатау қаласын болашақтың жоғары технологиялы, бірегей қала ретінде дамытуға серпін береді», – деді жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.