Нью-Йорк мэрі Зохран Мамданидің анасы — әйгілі режиссер
Нью-Йорк қаласының жаңа мэрі Зохран Мамданидің анасы — әлемге танымал кинорежиссер Мира Наир. Ол — Канн кинофестивалінің лауреаты және екі мәрте «Оскар» жүлдесіне үміткер болған өнер иесі.
Мира Наир Венеция кинофестивалінің ең беделді марапаты — «Алтын арыстанды» жеңіп алған алғашқы әйел режиссер ретінде тарихқа енген. Бұл марапат оған «Жаңбыр маусымындағы той» («Monsoon Wedding») фильмі үшін берілген.
Зохран Мамданидің әкесі — белгілі саясаттанушы, антрополог және Колумбия университетінің профессоры Махмуд Мамдани.
Мұндай отбасында өскен Зохран Мамдани бүгінде әлеуметтік әділдік, иммигранттар құқығы және тең мүмкіндіктер үшін күресетін саясаткер ретінде кеңінен танылып отыр.