Мұхтар Шахановтың ұлы дүниеден өтті
Белгілі ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы өмірден өтті.
Қайғылы хабарды «Жалын» журналының бас редакторы Құдияр Біләл жариялады.
«Мұхтар Шаханов ағамыздың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы ұзаққа созылған ауыр дерттен көз жұмды. Иманы саламат болсын!» — деп жазды Құдияр Біләл.
Айта кетейік, бұған дейін, 2021 жылы ақынның тағы бір ұлы — Рауан Шаханов өмірден өткен болатын. Сондай-ақ биылғы жылдың сәуір айында ақынның жұбайы Розалинда Шаханова 74 жасында дүниеден озған еді.