weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Мұхтар Шахановтың ұлы дүниеден өтті

Белгілі ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы өмірден өтті.

Мұхтар Шахановтың ұлы дүниеден өтті
Фото: ашық дереккөз

Қайғылы хабарды «Жалын» журналының бас редакторы Құдияр Біләл жариялады.

«Мұхтар Шаханов ағамыздың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы ұзаққа созылған ауыр дерттен көз жұмды. Иманы саламат болсын!» — деп жазды Құдияр Біләл.

Айта кетейік, бұған дейін, 2021 жылы ақынның тағы бір ұлы — Рауан Шаханов өмірден өткен болатын. Сондай-ақ биылғы жылдың сәуір айында ақынның  жұбайы Розалинда Шаханова 74 жасында дүниеден озған еді.