Ипотека арзандай ма?
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Мәжілістің жалпы отырысында айтты.
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Тілектес Адамбеков Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымоваға ипотека несиесінің шекті мөлшерлемесін қайта қарау туралы сұрақ қойды.
«Өткен жылы кепілсіз несиелердің мөлшерлемесі 56%-дан 46%-ға, ипотекалық несиелер бойынша мөлшерлеме 30%-дан 25%-ға, ал кепілді несиелердікі 45%-ға дейін төмендеді. Ал биыл біз ипоткалық несиелер бойынша мөлшерлемені одан ары 20%-ға дейін төмендеттік. Бірақ осы қазан айында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтергеннен кейін кейбір банктер уақытша кепілсіз несиелер беруді тоқтатты. Осыған байланысты 20%-дық шекті мөлшерлеме 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды», – деді ол.
Айта кетейік, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заң жобасы талқыланып жатыр.