Жаңалықтар

Белгілі тележүргізуші Юрий Николаев көз жұмды

Ресейде 76 жасында аты аңызға айналған тележүргізуші Юрий Николаев қайтыс болды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Оның жағдайы үйінде күрт нашарлап, дәрігерлер өмірін сақтап қала алмаған.

Юрий Николаев 1974 жылдан бастап әйгілі «Утренняя почта» музыкалық бағдарламасын жүргізген. Ал 1991 жылы ол көрерменге жақсы таныс «Утренняя звезда» бағдарламасының жүргізушісі атанды. Дәл осы жобаның арқасында Сергей Лазарев, Ани Лорак, Валерия және Пелагея сынды әншілер танылды.

Сондай-ақ ол «Большая перемена», «Танцы со звездами» және «ДОстояние РЕспублики» сияқты танымал шоуларды жүргізген.