«Бүкіл әлем жастарына үлгі»: Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығымен бөлісті
Қазақстанның халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында елмен қуанышты жаңалығын бөлісті.
Ол “FIRST Global Challenge 2025” халықаралық робототехника олимпиадасында қазақстандық жасөспірімдердің төртінші рет қатарынан жеңімпаз атанғанын ерекше мақтанышпен атап өтті.
«Бұл жеңіс – еліміздің білім мен ғылымға деген адал ұмтылысының, жастарының жоғары рухы мен қажырлы еңбегінің дәлелі.Бүгінгі жетістік – тек Қазақстанның емес, күллі әлем жастарына үлгі.Ғылым мен технология – ұлт дамуының басты тірегі. Барлық жас қазақстандықтарды білімге, ғылымға ұмтылуға шақырамын», — деп жазды Димаш.
Әншінің жазбасы желіде қызу талқыланып, қазақстандықтардың зор ықыласына бөленді.