Жаңалықтар

Елордада парадзюдоның Азия чемпионаты қайта өтеді

2025 жылдың 7–9 қарашасы аралығында елорда төрінде IBSA Judo Asian Championships Astana 2025 халықаралық жарысы өтеді. Бұл – Астанада ұйымдастырылып отырған пара дзюдодан екінші Азия чемпионаты.

Айтулы дода екі жыл үзілістен кейін қайта өткізілмек. Жарыстың маңызы ерекше — ол 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарының іріктеу кезеңдерінің бірі болып саналады. Сондықтан да бұл чемпионатқа қатысушылар үшін жеңіс жолындағы маңызды сынақ болмақ.

Биылғы бәсекеде 9 мемлекеттен 100-ден астам спортшы бақ сынайды. Олардың арасында Паралимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері де бар.

Азия біріншілігінде спортшылар 8 салмақ дәрежесінде медаль үшін таласады.

Ерлер: 70 кг, 81 кг, 95 кг және +95 кг.

Әйелдер: 52 кг, 60 кг, 70 кг және +70 кг.

Чемпионат бағдарламасы

7 қараша

– 10:00–13:00 – іріктеу белдесулері

– 15:30–17:30 – финалдық кездесулер

– 15:00 – ашылу салтанаты

8 қараша

– 10:00–13:00 – іріктеу белдесулері

– 15:30–17:30 – финалдық кездесулер

9 қараша

– 10:00–15:30 – командалық жарыстар

Өтетін орны

Beeline Arena, Ұлттық теннис орталығы (Тұран даңғылы, 4/2).

Астанада өтетін бұл дода парадзюдо спортының дамуына серпін беріп, Азия құрлығындағы мықтылардың шеберлігін паш ететін маңызды спорттық оқиға болмақ.