Айтулы дода екі жыл үзілістен кейін қайта өткізілмек. Жарыстың маңызы ерекше — ол 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарының іріктеу кезеңдерінің бірі болып саналады. Сондықтан да бұл чемпионатқа қатысушылар үшін жеңіс жолындағы маңызды сынақ болмақ.
Биылғы бәсекеде 9 мемлекеттен 100-ден астам спортшы бақ сынайды. Олардың арасында Паралимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері де бар.
Азия біріншілігінде спортшылар 8 салмақ дәрежесінде медаль үшін таласады.
Ерлер: 70 кг, 81 кг, 95 кг және +95 кг.
Әйелдер: 52 кг, 60 кг, 70 кг және +70 кг.
Чемпионат бағдарламасы
7 қараша
– 10:00–13:00 – іріктеу белдесулері
– 15:30–17:30 – финалдық кездесулер
– 15:00 – ашылу салтанаты
8 қараша
– 10:00–13:00 – іріктеу белдесулері
– 15:30–17:30 – финалдық кездесулер
9 қараша
– 10:00–15:30 – командалық жарыстар
Өтетін орны
Beeline Arena, Ұлттық теннис орталығы (Тұран даңғылы, 4/2).
Астанада өтетін бұл дода парадзюдо спортының дамуына серпін беріп, Азия құрлығындағы мықтылардың шеберлігін паш ететін маңызды спорттық оқиға болмақ.