Жаңалықтар

2026 жылдан бастап кімдер салықты аз төлейді: жаңа кодексте қандай өзгерістер бар

2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Көлік пен мүлік салығына жеңілдіктер енгізіліп, бизнеске түсетін салық жүктемесі азаяды. Ескірген көліктерге және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға қолайлы жағдай жасалады.

Құжатта азаматтар мен кәсіпкерлер үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Бұл өзгерістердің басты мақсаты — салық жүйесін жеңілдетіп, бизнес пен халықтың жүктемесін азайту.

 Көлік салығы азаяды

Жаңа кодекс бойынша қозғалтқыш көлемі 4 литрден асатын көлік иелері бұрынғыдан аз салық төлейтін болады.
Мысалы, бұған дейін олар жылына 500–800 мың теңге төлеп келсе, енді бұл сома шамамен 460 мың теңгегедейін төмендейді.

Сонымен қатар, ескірген көліктерге қатысты да жеңілдік қарастырылған. Бұл шара автопаркті жаңарту және салықты әділ бөлу мақсатын көздейді.

Мүлік және бизнес салығындағы өзгерістер

Бизнеске салынатын салық түрлері 20%-ға қысқарады.

Бірыңғай жер салығы жойылады.

Салық төлеу режимі оңтайланады – енді бар болғаны үш түрі қалады:
1️⃣ Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін;
2️⃣ Жеңілдетілген декларация негізінде;
3️⃣ Фермерлік шаруашылықтар үшін.

Салық төлеу енді оңайырақ

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар енді салықты арнайы мобильді қосымша арқылы төлей алады.
Бұл — қағазбастылықты азайтып, есеп жүргізуді барынша жеңілдетуге бағытталған қадам.

Қашан күшіне енеді?

Жаңа Салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мамандардың айтуынша, бұл реформа Қазақстандағы салық жүйесін барынша ашық әрі тиімді етуге ықпал етпек.