Жаңалықтар

Мысырда құны 1 миллиард доллар болатын мұражай ашылады

Каир қаласында Гиза пирамидаларының жанында құны 1 миллиард доллар болатын алып Египет мұражайы ашылады,- деп хабарлайды newsroom.kz

20 жылдан астам уақыт бойы күткеннен кейін Каирдің шетінде сенбі күні әлемдегі бір өркениетке арналған ең ірі археологиялық орталық болып саналатын ауқымды Египет мұражайы ашылмақ. Жоба алғаш рет 1992 жылы таныстырылған, алайда нақты құрылыс жұмыстары тек 2005 жылы басталған.

Айта кетейік, мұражайдың жалпы аумағы 470 мың шаршы метрді құрайды. Оның коллекциясында 50 мыңнан астам экспонат болады, соның ішінде салмағы 83 тонна, жасы 3200 жыл болатын Рамсес II мүсіні және жасы 4500 жылдық перғауын Хуфуға тиесілі ежелгі қайық бар.