Түркияда тағы жер сілкінісі орын алды
Түркияда магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі болды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Түркияның Төтенше жағдайлар мен табиғи апаттардың алдын алу басқармасы (AFAD) хабарлауынша, жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 07:18-де Балыкесир провинциясының Сындыргы ауданында тіркелген.
Жерасты дүмпулерінің ошағы 12,9 шақырым тереңдікте орналасқан.
Айта кетейік, 27 қазан күні Балыкесирде магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі де болған еді.