Жасөспірімдер арасындағы III Азия ойындарында Қазақстан жалпы есепте үздік үштікке енді
Бахрейнде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы III Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 3-орынды иеленді, деп хабарлайды newsroom.kz Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.
Жалпы қорытынды бойынша еліміздің спортшылары 24 алтын, 29 күміс және 40 қола медаль жеңіп алды. Барлығы – 93 жүлде.
Жақсы нәтиже көрсеткендердің қатарында Қазақстанның қыздар гандбол құрамасы да бар. Топтық кезеңде өткізген алты кездесудің қорытындысы бойынша команда 3-орын алып, қола медаль иеленді.