Бұл – компанияның еліміздегі алғашқы гибридті моделі. Бағасы — 22 990 000 теңге.
Жаңа RX PHEV — қуат пен үнемділікті біріктіретін T2X Super Hybrid платформасында жасалған. 1,5 литрлік TGDI қозғалтқыш, үш сатылы DHT трансмиссия және M3P аккумуляторының арқасында көлік 395 кВт қуат және 650 Н·м айналу моментін береді. Бір зарядпен жүріс қоры — 1100 км-ден асады, ал жылдам қуаттау арқылы 30%-дан 80%-ға дейін 20 минутта толтыруға болады.
EXEED дистрибуция директоры Мадина Төкенованың айтуынша, RX PHEV – брендтің экологиялық таза энергия көздеріне көшу жолындағы маңызды қадамы.
«EXEED инженерлік дәлдік пен жайлылықты үйлестіре отырып, жаңа буын экологиялық көліктер ұсынады. RX PHEV — осы бағыттағы алғашқы үлгі», – деді ол.
Үш сатылы гибридті жүйе көлікті 100 км/сағ жылдамдыққа 4,9 секундта, ал 90-нан 120 км/сағ дейін 2,8 секундта жеткізеді.
Кроссовер тек электр қуатымен де жүре алады, ал Flying Fish Intelligent Chassis және CDC аспа жүйесі қозғалыс тұрақтылығын арттырады.
MANA-Q басқару жүйесі батареяның қауіпсіздігін бақылайды және соқтығысу кезінде қуатты 2 миллисекундта өшіреді. Модель −35°C-тан +60°C-қа дейінгі климатқа бейімделген.
Ішкі бөлігі Premium Enjoyment for All тұжырымдамасына сай жасалған:
— массаж және тіреуішпен жабдықталған Queen Zero-Gravity креслосы;
— SONY Master Sound аудиожүйесі;
— Qualcomm 8155 чипіне негізделген мультимедиа;
— ауа тазарту және ароматерапия жүйесі.
EXEED 2025 жылы өткен 3rd International User Summit шарасында болашақтың «ақылды мобильділігіне» бағытталған жаңа технологияларын таныстырды.
Қазіргі таңда EXEED маркалы көліктер Қазақстанның 14 қаласында, соның ішінде Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды және басқа аймақтардағы ресми дилерлік орталықтарда қолжетімді.
Алматыда екі автосалон жұмыс істейді:
📍 Халиуллин көшесі, 196-Б
📍 Әл-Фараби даңғылы, 21