Жаңалықтар

Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында 6 сарбаз қаза тапты

Бүгін таңертең Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында, Ауғанстанмен шекаралас аймақта болған қарулы қақтығыс кезінде алты пәкістандық сарбаз, оның ішінде бір офицер қаза тапты. Бұл туралы «Свободный Иран» Telegram арнасы мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Айтылған дерекке сәйкес, оқиға «Техрик-е-Талибан Пакистан» тобының мүшелері мен қауіпсіздік күштері арасында болған.

Мәлімет бойынша, Пәкістан армиясының бөлімшелері «Техрик-е-Талибан Пакистан» тобының мүшелері Догар ауданында жүргені туралы ақпарат алған соң арнайы операция жүргізген.

Операция кезінде болған атыс барысында топтың жеті содыры да жойылған.