Аймақтар

Шымкентте «Nazira Gold» қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды

Шымкент қаласында «Nazira Gold» қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына қатысты сот үкімі шықты. Компания өзін зергерлік бұйымдар сататын кәсіпорын ретінде таныстырып, ай сайын 20–40% пайда уәде етіп, 4 мыңнан астам азаматты инвестиция салуға тартқан, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі.

Тергеу мәліметінше, салымшыларға төлем нақты табыстан емес, кейін қосылған қатысушылардың ақшасынан жасалған.

Сот тоғыз айыпталушыны кінәлі деп танып, оларды 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар сот шешімімен 402 миллион теңге, 52 көлік, бір тұрғын үй, екі элиталық пәтер және 17 келі алтын бұйым тәркіленді.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.