Астанадағы LRT желісі Қосшы қаласына дейін созылады
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындармен кездесуде жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасының болашағы туралы айтты. Оның айтуынша, жаңа желі Қосшы қаласына дейін жеткізілмек.
«Қазір күн сайын Қосшыдан елордаға 15–20 мың автокөлік кіреді. Бұл – үлкен ағын. Қала қарқынды өсіп келеді», — деді әкім.
Сондай-ақ, LRT-ның тағы бір тармағы Тұран даңғылы арқылы өтіп, ескі теміржол вокзалына дейін жалғасады.
«Бірінші кезең – Қосшы бағыты. Бұл бөліктің құрылысы ең жылдам аяқталады, шамамен бір жарым жыл қажет», — деп нақтылады Жеңіс Қасымбек.
Жаңа көлік желісі тек жер үстімен ғана емес, жерасты бөлігімен де өтеді. Қазіргі уақытта жобаға қаржыландыру көзі ізделіп жатыр.