Әлем

Әзербайжанда жер сілкінісі орын алды

Ширванда магнитудасы 3 балдық жер сілкінісі тіркелді.Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Хабарламада жер сілкінісінің ошағы 21 шақырым тереңдікте орналасқаны айтылған. Жер сілкінісі жергілікті уақытпен 16:22-де тіркелген.

Айтулы оқиғаның эпицентрі Ширван станциясынан 33 шақырым шығыста орналасқан.