Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Челси» шақырту жіберген Дастан Сатпаевты Францияға жалға бермек

Ағылшынның Chelsea клубы қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сатпаев жөнінде күтпеген жоспар жариялады.

«Челси» шақырту жіберген Дастан Сатпаевты Францияға жалға бермек

Лондондық клуб «Қайрат» сапындағы футболшыны алдымен Францияның Страсбург командасына жалға беруі мүмкін екені хабарланды. 

Еске салайық: Сатпаев — 17 жасында «Қайрат» құрамында Чемпиондар лигасында бақ сынап жүрген жас жұлдыз. Ол толық құқығымен алған клубы Chelsea-ға келесі жылы, 18 жасқа толған соң ресми түрде ауысуы жоспарланған. 

Жас футболшы «Қайраттан» кеткен соң бірден Страсбургке жалға барып, Францияда тәжірибе жинайтын болады. Бұрын Страсбург «Челсиге» тиесілі жас таланттарды да қабылдап келген: мысалы, Андре Сантос, Кендри Паэс, Майк Пендерс аталған. 

Осылайша, «Челси» жас ойыншыны бірден басты құрамға ала қоюдың орнына, алдымен тұрақты ойын тәжірибесін Францияда жинауын көздеп отыр. Бұл стратегия клубтың жас таланттарды дамыту саясатына сай келеді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату