Сабаққа бармаған бала үшін Анасы сотталатын болды
Жамбыл облысында ұлын себепсіз мектепке жібермеген әйелге қатысты сот әкімшілік жаза қолданды
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған межрайондық соттың мәліметінше, азаматша П.-ға қатысты баланы тәрбиелеу және оқыту бойынша ата-аналық міндетін қайталап орындамау дерегі бойынша әкімшілік іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, оның 2011 жылы туған ұлы ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінен бастап сабаққа бармай қойған. Сабақтан қалуына байланысты дәлелді себептер ұсынылмаған.
Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай:
«Анасы бұған дейін, 2025 жылдың маусым айында, осындай құқықбұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда тиісті қорытынды шығарылмағандықтан, жағдай қайта қайталанды».
Әйелдің әрекеті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 2-бөлігі бойынша – кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді қайталап орындамау ретінде сараланды. Бұл бапта 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамау қарастырылған.
Сот әйелдің кәмелетке толмаған басқа балаларының барын, кінәсін мойындағанын және ауырлататын мән-жайлардың жоқ екенін ескеріп, жеңіл жаза тағайындады.
«Әкімшілік айыппұл мөлшері 30 пайызға төмендетілді. Нәтижесінде азаматша П.-ға 41 мың теңге көлемінде айыппұл салуға шешім қабылданды», — деп нақтылады сот.
Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.