Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

7-сынып оқушысы асылып тұрған күйінде табылды

Оның отбасы қиын жағдайда өмір сүрген

7-сынып оқушысы асылып тұрған күйінде табылды
фото: astanatv.kz

Алматы облысына қарасты Саймасай ауылында 7-сыныпта оқитын оқушы қайғылы жағдайда көз жұмды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жеткіншектің денесі асылған күйінде табылған.

Көршілердің сөзіне қарағанда, баланың отбасы қиын жағдайда өмір сүрген. 1 ақпанда олар көмек сұрап, өгей әкесінің зорлық-зомбылық көрсетуі мүмкін екенін айтқан.

Арыздан кейін қайырымдылық қоры отбасының нақты мекенжайын анықтап, ақпаратты ювеналды полицияға жолдаған.

Құқық қорғау органдары тексеруді бастаған. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату