Жаңалықтар

20 жастағы таксист 8 жасар қызды қағып кетті

Екеуі де ауруханада

Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылында ауыр жол апаты болды. 2005 жылы туған такси жүргізушісі жолаушы көлігін айдап келе жатып, жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 8 жасар қызды қағып кеткен.

Соның салдарынан жүргізуші көлікті игере алмай, тағы үш машинаға соғылды. Зардап шеккен қыз ми шайқалуымен әрі бірнеше сүйегі сынған күйде ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайы өте ауыр, жансақтау бөлімінде дәрігерлер бақылауында.

Жүргізуші де түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Полиция барлық мән-жайды анықтап жатыр. Тәртіп сақшылары түнгі уақытта жаяу өткелдерде ерекше сақ болуды ескертті.