Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ақтауда көпқабатты үйде газ баллоны жарылып, тұрғындар ауруханаға түсті

Ақтауда көпқабатты үйдің бірінде газ жарылып, бес адам зардап шекті.  Төтенше жағдай кезінде тұрғындар эвакуацияланды, мамандар оқиғаның нақты себебін анықтап жатыр.

Ақтауда көпқабатты үйде газ баллоны жарылып, тұрғындар ауруханаға түсті
Фото: ДЧС МО / lada.kz

Бүгін таңертең Ақтаудағы «Асия» тұрғын үй кешенінде (32В шағынауданы, үй 83) төтенше жағдай болды. Алдын ала ақпарат бойынша, жарылыс жертөледе болған газ-ауа қоспасының тұтануынан орын алған.

Оқиға орнына 11 құтқарушы мен төрт техника жұмылдырылды.

Жарылыс салдарынан 5 адам жарақат алған. 2010 және 2015 жылы туған екі бала да медициналық көмекке жүгінген. Барлық зардап шегушілер ауруханаға жеткізілді.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жарақат алғандардың бірі ауыр халде реанимацияда жатыр. 1973 жылы туған ер адам денесінің 50–55 пайызы күйік шалған, оның 20 пайызы — терең күйік. Сонымен бірге көздің қасаң қабығы да күйгені анықталды.

2003 жылғы тағы бір ер адамға алғашқы көмек көрсетіліп, амбулаторлық емделуге жіберілді.

Балалар арасында үш адам зардап шеккен. 15 жастағы қыз көміртек тотығынан уланған. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты, орташа ауырлықта деп бағалап отыр. Екінші баланың анасы ауруханаға жатудан бас тартқан.

7 жастағы ұл бала да улану белгілерімен түскен, тексерістен кейін үйіне жіберілді.

Жарылыстың нақты себебі анықталып жатыр.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату