Мәдениетсіз өркениетке қадам басу қиын
Мәдениетсіз өркениетке қадам басу қиын
Мәдениет – елдің рухани қазынасы, ұлттық кодтың өзегі. Қазіргі уақытта мәдени саясаттың басты мақсаты – шығармашылықты қолдау, жастардың өнерге деген қызығушылығын арттыру және мәдени мұраны жаңғырту.
Мәдениет саласының белді өкілі Мереке Ғұмаров былай дейді:
«Мәдениет – қоғамның рухани иммунитеті. Кино, театр, музыка мен әдебиет арқылы ұлттың дүниетанымы қалыптасады. Қазір креативті индустрия дамып келеді, бұл – өнерді экономикалық ресурсқа айналдырудың жаңа кезеңі».
Цифрлық технологиялар дәуірінде мәдениет те жаңаша бағыт алды. Онлайн-концерттер, мультимедиялық көрмелер, ұлттық мұраны цифрлау – мәдениеттің қолжетімділігін арттырды.