Жаңалықтар

Қазақстанның сыртқы саясаты: бейбітшілік пен теңгерімді дипломатия үлгісі

Қазақстанның сыртқы саясаты: бейбітшілік пен теңгерімді дипломатия үлгісі, - деп хабарлайды newsroom.kz

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халықаралық қатынастарда сенімді серіктес әрі жауапты мемлекет ретінде қалыптасты. Елдің сыртқы саясаты көпвекторлы бағытқа сүйенеді: бұл – ұлттық мүддені сақтау, аймақтық тұрақтылықты нығайту және жаһандық бейбітшілікке үлес қосу ұстанымына негізделген стратегиялық таңдау.

Мемлекеттік қызмет саласының ардагері Аманжол Қаратаев бұл туралы:

«Қазақстанның дипломатиясы – бейбіт саясаттың үлгісі. Біз ешкімге қарсы блок құрған жоқпыз, керісінше, ынтымақтастық пен өзара түсіністік орнатуға күш салдық. Бұл бағыт елдің халықаралық беделін арттырды және саяси тұрақтылықтың кепіліне айналды», – дейді.

Бүгінде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының белсенді мүшесі, Еуразиялық экономикалық одақ пен Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы маңызды серіктес, сондай-ақ ислам әлемі мен түркі мемлекеттері кеңістігінде белсенді қатысушы ретінде танылған. Елдің сыртқы саясаты аймақтық қауіпсіздік пен жаһандық диалогқа үлес қосуда.

Қазақстанның «ядролық қарусыздану» бастамасы халықаралық қауымдастықта үлкен қолдау тапты. Бұл бастама елдің бейбітшілік пен қауіпсіздікке бағытталған саяси бағытының айқын дәлелі.