Жаңалықтар

Инклюзивті қоғам – сана мен мәдениеттің жаңа деңгейі

Инклюзивті қоғам – сана мен мәдениеттің жаңа , - деп хабарлайды newsroom.kz

Инклюзия – тек ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға жағдай жасау емес, ол қоғамның мәдениет деңгейін арттырудың маңызды факторы. Әрбір адамға тең мүмкіндік беру – әлеуметтік әділдік пен адамгершіліктің басты қағидасы.

Еңбек ардагері Діңғали Дәулетбаев бұл туралы:

«Инклюзия дегеніміз – мейірім мен сана тоғысқан ұғым. Бұрын біз ерекше жандарға аяушылықпен қарадық. Енді қоғам оларды өмірдің белсенді қатысушысы ретінде тануға көшті. Бұл – үлкен өзгеріс. Нағыз өркениет осындай көзқарастан басталады», – дейді.

Мектептерде инклюзивті білім беру жүйесінің енгізілуі балалардың бір-біріне деген түсіністік пен сыйластық сезімін қалыптастырады. Университеттер мен колледждерде де бейімделген оқу бағдарламалары әзірленіп жатыр. Бұл — ертеңгі еңбек нарығында мүмкіндігі шектеулі жастардың өз орнын табуына жол ашады.

Сонымен қатар, БАҚ пен әлеуметтік желілерде инклюзия тақырыбы кеңінен қозғала бастауы қоғам санасының жаңарғанын көрсетеді. Қазіргі медиа кейіпкерлердің арасында ерекше жандардың жетістіктері жиі насихатталады. Бұл – қоғамның көзқарасын өзгертудің ең пәрменді тетігі.