Сайлау – ең басты саяси институт
Сайлау – ең басты саяси институт, - деп хабарлайды newsroom.kz
Сайлау – демократиялық мемлекеттегі ең басты саяси институт. Ол қоғамның саяси белсенділігін және азаматтық сана деңгейін көрсетеді. Соңғы жылдары сайлау жүйесіне енгізілген реформалар – ел тарихындағы маңызды бетбұрыс.
Мажоритарлы-пропорционалды жүйенің енгізілуі партиялар арасындағы бәсекені арттырды және тәуелсіз кандидаттарға жол ашты. Бұл өз кезегінде қоғамдағы саяси плюрализмді күшейтті. Азаматтар өз пікірін ашық айтуға және нақты таңдауға мүмкіндік алды.
Бұл ретте, саяси сарапшы Хамза Ғабдолла:
«Сайлау – халықтың еркін білдіретін құрал ғана емес, жауапкершіліктің көрсеткіші. Белсенді азаматтар көп болған сайын елдің демократиялық мәдениеті де жоғарылайды», – дейді.
Сайлауға қатысу — ел тағдырына араласу. Бұл тек саяси процесс емес, азаматтық парыз. Халықтың дауыс беру белсенділігі – мемлекеттің дамуы мен демократияның өміршеңдігін айқындайтын басты көрсеткіш.