Әлем

Қырғызстан қар барысын ұлттық рәмізге айналдырды

Қар барысы Қырғызстанның ұлттық символы болып бекітілді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Үкімет қаулысына сәйкес, ирбистің ресми белгісі жасалып, оны мемлекеттік құжаттарда, мерейтойлық монеталарда және елді танытатын көрнекі материалдарда қолдану реттелетін болды.

Тиісті министрлікке барысты және оның табиғи мекенін қорғауға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу тапсырылды. Қырғыз эпосында барыс еркіндіктің, күш-қайраттың және тектіліктің бейнесі саналады.

Бұл шешім өткен жылдың соңында Президент қол қойған жарлық аясында жүзеге асып отыр.

Мамандардың айтуынша, Тянь-Шань мен Памирдің биік жоталарында кезігетін қар барысын қорғау елдің табиғи мұрасын сақтауға серпін береді.