Тәуелсіздік алғалы Қазақстан экономикасы 4,4 есеге өсті
Ұлттық статистика бюросы елдің әлеуметтік-экономикалық өсімін көрсететін кейбір көрсеткіштерді жариялады, - деп хабарлайды newsroom.kz
Республика күні қарсаңында ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Тәуелсіздік алғалы бері елдің әлеуметтік-экономикалық өсімін көрсететін кейбір көрсеткіштерді назарыңызға ұсынады
- Экономика нақты мәнде 4,4 есе өсті (1994 пен 2024 жж салыстырғанда)
- Жан басына шаққандағы ЖІӨ 735,9$-дан 14 444,6$-ға дейін артты. Соның нәтижесінде Қазақстан Дүниежүзілік банк әдістемесі бойынша табысы орташадан жоғары елдер тобына кірді
- Жұмыспен қамтылғандар саны 2001 жылғы 6,7 млн адамнан 2024 жылы 9,2 млн адамға дейін өсті
Сыртқы сауда және бизнес орта
- Сыртқы сауда айналымының көлемі 16 есе ұлғайып, 1995 жылғы 9,1 млрд $-дан 2024 жылы 142,1 млрд $-ға дейін жетті
- Экспорт көлемі 15,4 есе өсіп, 81,7 млрд $ құрады, ал сауда серіктестерінің саны 1995 пен 2024 жылдарды салыстырғанда 146-дан 195 елге дейін артты
- Белсенді жұмыс істейтін бизнес субъектілерінің саны 2005 жылдан бері 4 есе көбейіп, 2 млн жетті - Шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 2005 жылғы 10,5%-дан 2024 жылы 38,9%-ға дейін өсті
Әлеуметтік сала
- Халық саны 1991 жылғы 16,4 млн адамнан 2025 жылы 20,4 млн адамға дейін артты
- Туу коэффициенті 1999 жылғы 1000 адамға шаққанда 14,57-ден 2024 жылы 18,15-ке дейін өсті - Өмір сүру ұзақтығы 10 жылға ұзарды – 1994 жылы 64,9 жастан 2024 жылы 75,44 жасқа дейін
Инфрақұрылым
- Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 1994 жылғы 2,3 млн шаршы метрден 2024 жылы 19,1 млн шаршы метрге дейін өсті
- Бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейі 2001 жылғы 16,3 шаршы метрден 2024 жылы 24,5 шаршы метрге дейін артты - 1994 жылдан бері 11 мың шақырымнан астам жаңа автомобиль жолы мен 5,2 мың шақырым теміржол салынды
- Соңғы 30 жылда 2 мыңнан астам мектеп тұрғызылды - Урбанизация деңгейі 1994 жылғы 55,7%-дан 2024 жылы 63%-ға дейін өсті