Жаңалықтар

Еліміздің үздік қақпашыларының бірі өмірден озды

Қазақстан футболы ауыр қазаға душар болды. Ұлттық құраманың бұрынғы қақпашысы Андрей Морев 52 жасында көз жұмды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.

Андрей Морев 2005 жылы еліміздің ең үздік қақпашысы атанған. Ол Қазақстан құрамасы сапында екі матчқа қатысқан.

Федерация марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. «Отандық футбол тарихында және онымен бірге еңбек етіп, бірге ойнағандардың жүрегінде оның есімі мәңгі сақталады» делінген ресми хабарламада.