Қызылордада Республика күні аталып өтті
Қызылорда облысында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті.
Өнер орталығында ұйымдастырылған жиында аймақ әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындарды Ұлттық мерекемен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты.

Әкімнің айтуынша, облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі биыл 3 триллион теңгеден асады. Соңғы үш жылда аймаққа 1,6 трлн теңге инвестиция тартылса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 720 млрд теңгеден асады деп жоспарланған. 2025-2028 жылдары 2 трлн теңгеден асатын 89 жоба жүзеге асырылып, 11 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.
Сондай-ақ облыс бюджеті Президент пен Үкіметтің қолдауымен 851,3 млрд теңгеге жетіп, 2022 жылмен салыстырғанда 233 пайызға өскені атап өтілді. Оның 56 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған. Даму бюджеті 4,5 есеге өсіп, 47 млрд теңгеден 207 млрд теңгеге дейін ұлғайған.
Салтанатты шара барысында аймақтың дамуына үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар табысталды. Концерттік бағдарлама ұсынылды.
Республика күні — ел бірлігі мен тәуелсіздіктің символы.
Қызылорда облысы мерекені толымды нәтижелермен қарсы алып отыр.