Қытай орбитаға жаңа байланыс серігін жіберді
Қытайда тағы бір жерсерік ұшырылды. «Чанчжэн-5» (Long March 5) зымыран-тасығышы жаңа байланыс технологияларын сынауға арналған аппаратты орбитаға сәтті шығарды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Зымыран Хайнань провинциясындағы Вэньчан ғарыш айлағынан ұшырылған. Бұл «Чанчжэн» сериясындағы зымыран-тасығыштардың 602-ші ұшырылымы болды.
Маркасы жарияланбаған жерсерік негізінен көпжолақты және жоғары жылдамдықтағы байланыс технологияларын сынақтан өткізуге арналған.