Жаңалықтар

1414-тен келген SMS – рас па, алаяқтың арбауы ма?

Цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун алаяқтардың жаңа тәсілі туралы айтты. Оның сөзінше, қазір «нөмірді иемдену» деп аталатын айла кең тарап келеді.

Алаяқтар Egov.kz атынан хабарлама немесе қоңырау жіберіп, нөмірді ауыстырып көрсетуі мүмкін. Яғни, хабарлама расында 1414-тен келгендей болып көрінеді.

Маманның айтуынша, мұндай жағдайларды техникалық тұрғыда мүлде болдырмау әзірге мүмкін емес.

Сондықтан вице-министр азаматтарға ескерту жасады:

«SMS арқылы келген кодтарды ешкімге бермеңіз, тіпті хабарлама шын сияқты көрінсе де», – деді ол.