Жаңалықтар

Венесуэлада болған ұшақ апаты: Ұшқыш пен жолаушы қаза тапты

Венесуэлада жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш пен жолаушы қаза тапты,- деп хабарлайды newsroom.kz

 

Хабарламада оқиғаның Сан-Кристобаль қаласындағы Парамилло әуежайында болғаны айтылған. Ұшақ ұшу кезінде басқарудан айырылып, ұшу-қону жолағының жанына құлап, өртеніп кеткен.

Жергілікті БАҚ жариялаған кадрларда ұшақтың әуеге көтеріле бастағаны, кейін ауада аударылып, жерге соғылып, жарылып кеткені көрінеді.