Астанада антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді
23 қазан күні сағат 7:00 мен 11:00 аралығында «Барыс Арена» мұз сарайы маңында жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді. Іс-шара кезінде жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.
Елордадағы терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб «Барыс Арена» көпфункционалды мұз сарайы аумағында жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу өткізеді.
Шараның мақсаты — құқық қорғау және арнайы органдардың терроризм қауіптеріне жедел әрекет ету дайындығын тексеру.
Оқу-жаттығу кезінде тұрғындар мен қала қонақтарынан тыныштық сақтап, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындау сұралады.
Сондай-ақ ресми ақпарат көздеріне ғана сеніп, жалған хабарлар мен тексерілмеген мәліметтерді таратпау ескертіледі.