Жаңалықтар

Олжас Абай: “Дариғамен арақатынасымыз туралы айтылғанның бәрі – фантазия”

Желіде актриса Дариға Бадықова мен оның күйеуінің ажырасқаны туралы ақпарат тарағаннан кейін, көпшілік назарында жүрген актер Олжас Абай әлеуметтік желіде өз пікірін білдірді. Ол Дариғамен арақатынасқа қатысты айтылған әңгімелерді жоққа шығарды.

“Бір отбасының арасына неге түсесің дегендерге айтарым бар. Ағайын, өмірге реніші барлар мен жаман пікір жазып жатқандарың орынды емес. Осы уақытқа дейін мен түскен фильмдерді көріп ‘маладес’ деп қошамет көрсеткен адамдар, енді бір адамның қызғанышына еріп, менің өнерге деген сүйіспеншілігімді жерге таптамаңдар”, — деп жазды актер Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, желіде тараған кей әңгімелер шындыққа жанаспайды.

“Некедегі әйелге көз салатын адам емеспін. Аңдамай сөйлеген — ауыр сөз. Біреудің фантазиясын көтере алмаймын. Әр нәрсенің соңы болады, ешкім жауапсыз қалмайды”, — деді Олжас Абай.

Актер өз жазбасында 15 жыл ішінде 25-тен аса фильмге түскенін, Дариға Бадықовамен бірге көптеген жобада жұмыс істегенін, оны кәсіби әрі мінезді әріптес ретінде бағалайтынын атап өтті.

“Дариғадай мықты актрисамен серіктес болып, жетістікке жеткенім – мен үшін үлкен тәжірибе. Бірақ дәл сол жерден қателесіп қалмайтын шығармын”, — деп қорытты сөзін актер.

Бұған дейін, Дариға Бадықова неге ажырасқанын айтқан еді.