Түркістанда 71-дегі қарт 15 жасар оқушыдан бала сүйген
Түркістан облысының Келес ауданындағы ауылдардың бірінде елді дүр сілкіндірген оқиға анықталды. 15 жастағы мектеп оқушысы босанып, баланың әкесі 71 жастағы көршісі екені белгілі болды.
Қыздың туыстарының айтуынша, оның жүкті екенін тек жүктіліктің соңғы айларында, шамамен жетінші айында ғана байқаған. Сәбиді биыл ақпан айында дүниеге әкелген. Жағдай анықталғаннан кейін қыздың анасы полицияға арыз түсірген.
Ауыл тұрғындары қарияның отбасын елді мекеннен көшіріп жіберуді талап еткен. Ал күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Полицияның мәліметінше, ол өз кінәсін мойындаған.
Қазір істі Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Кабденов жеке бақылауына алған. Тергеу жалғасып жатыр.