Астанада және өңірлерде газ жеткізуде қиындық болмайды
ҚР Энергетика министрлігі Орынбор газ өңдеу зауытына жасалған дрон шабуылына байланысты елде газ тапшылығы болмайтынын ресми түрде мәлімдеді.
«Елдің газбен қамтылған өңірлеріне, соның ішінде Астана қаласына газ жеткізу қалыпты режимде, толық көлемде және шектеусіз жүргізілуде. Тұрақтылық алдын ала қарастырылған резервтік тетіктер арқылы қамтамасыз етіледі», – делінген ведомство хабарламасында.
Министрлік алдағы уақытта Қазақстаннан Орынбор газ өңдеу зауытына жеткізілетін газ көлемі қайта қалпына келтіріледі деп күтуде.