weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
20 қазан, 2025 / Арайна Арайқызы / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Трамп Украинаны Ресейге ЖЫҒЫП берді

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина басшысы Владимир Зеленскийдің кездесуінен кейін халықаралық аренада үлкен резонанс туды

Трамп Украинаны Ресейге ЖЫҒЫП берді
picture alliance / SvenSimon-ThePresidentialOfficeU, Presidential Office of Ukraine

Financial Times басылымының хабарлауынша, Трамп Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтату үшін «аумақтық келісімге» келу мүмкіндігін ұсынған. Яғни, Ресей басып алған кейбір жерлерді ресми түрде мойындау арқылы бейбіт келісімге қол жеткізуді ұсынған көрінеді.

Алайда бұл бастама Украина тарапынан қатаң қарсылыққа ұшырады. Президент Зеленский мұндай ұсынысты ел егемендігіне және аумақтық тұтастығына қарсы деп бағалап, соғыстың жалғыз шешімі — Ресейдің толық шегінуі екенін айтты.

Көптеген сарапшылар бұл қадамды Трамптың алдағы сайлау алдындағы сыртқы саяси ұстанымын айқындау әрекеті деп санайды. Ал еуропалық одақ елдері мен НАТО басшылығы Украинаның аумақтық тұтастығын қорғау ұстанымынан айнымайтынын мәлімдеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→