Ресейлік журналист Дудь Қазақстанға келуге қорқатынын айтты
Юрий Дудь Қазақстанға келуге қорқатынын айтты. Ол өзіне қарсы Ресейде қозғалған қылмыстық іс барын және сол себепті экстрадициядан қауіптенетінін мәлімдеді.
Оған Ресейде қылмыстық іс қозғалған.
Бұл туралы ол Мадейра аралында қазақстандық блогер Алишер Елікбаевқа берген шағын сұхбатында айтты.
«Өкінішке қарай, мен қазір Қазақстанға бара алмаймын. Кейіпкерлерді елдің өзінде түсіргім келеді, бірақ оған мүмкіндік жоқ. Ресейде маған қарсы іс қозғалды, ал Қазақстан сол істің аясында мені ұстап беретін елдердің қатарында болуы мүмкін. Қазақстан халқына деген зор құрметім мен достарым болғанына қарамастан, әзірге бара алмай жүрмін», – деді Дудь.
Ол сондай-ақ бұрын сұхбат алған қазақстандықтарды есіне түсіре алмайтынын да айтты.