Жаңалықтар

Алматыда баға өсімі ең төмен деңгейде қалды: инфляция бақылауда

Алматы қаласында тоғыз айдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 13,2 пайызды құрады, бұл республикалық көрсеткішке сәйкес келеді.

Қала әкімінің орынбасары Олжас Смағұловтың айтуынша, әкімдік баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және ақылы қызметтер нарығын бақылау жұмыстарын жалғастыруда.

«Біздің басты міндетіміз – инфляция деңгейін бақылауда ұстау. Бұл – бірінші кезектегі басымдық. Тамақ және азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша Алматы еліміздегі ең төмен көрсеткіштердің бірін көрсетіп отыр. Негізгі мақсатымыз – бағаларды қазіргі деңгейде сақтау. Алдағы мерекелер қарсаңында бағаның өсуіне жол бермеу үшін жәрмеңкелер мен көрмелер ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл шаралар қала тұрғындары үшін тауарлардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған», – деді әкімнің орынбасары.