Жаңалықтар

Асхат Ниязов подкасттағы қалжыңы үшін сынға қалды

Журналист Асхат Ниязов YouTube-тағы «Прожарка Каны Бейсекеева» подкастында айтқан әзілі үшін әлеуметтік желіде сынға қалды.

Бағдарламада Ниязов әзілкеш Руслан Тайға қатысты: «Қазақы болғаны соншалық, мүшесіне де тақия киіп алған»деп қалжың айтқан. Подкаст форматы — өткір әзілімен бір-бірін «қуыру» болса да, бұл сөз көпшіліктің ашуын тудырды.

Кей желі қолданушылары мұны шектен шыққан қалжың деп бағалады. Журналист Диас Нұрақын Trids желісінде былай деп жазды:

"Асеке астанавись, тым қатты кетіп бара жатырсың. Қазақтың тақиясын приколға тығып не көрінді саған? Күлдіремін деп бүлдіріп алдың бәрін", деді

Ол сондай-ақ:

"Қазақы тақияны қағытпасына қосып, қорлап отыр. Ресейде туылып, орыстардың ортасында өскен жігіт. Өресі қазақылықты әлі қабылдамапты. ", – деп пікір білдірді.

Қазір бұл подкасттағы сәт әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.