Жаңалықтар

Жаңа танысқан қызы пәтерге шақырып, тонап кеткен

Алматыда ер адам интернеттен танысқан қызбен кездесуге барып, тонаудың құрбаны болды.

Полиция мәліметінше, жігіт танысу сайтында қызбен сөйлесіп, оны жалдамалы пәтерге кездесуге шақырған. Көп ұзамай пәтерге қыздың «ағалары» кіріп келіп, ер адамды қорқытып, телефоны мен ақшасын тартып алған. Олар жігітті «қасыңдағы қыз кәмелетке толмаған» деп бопсалаған.

Кейін анықталғандай, бұл — алдын ала ойластырылған схема: қыз құрбандарды интернет арқылы арбайды, ал қылмыс орнында онысы сыбайластарымен бірігіп әрекет етеді.

Полицияның жедел іс-қимылының арқасында барлық күдіктілер ұсталды. Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.