Кадрлар

Мағжан Ілиясов АҚШ-тағы Қазақстанның жаңа Елшісі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Жаңа тағайындауға сәйкес, Мағжан Ілиясов бұрын атқарып келген бірқатар дипломатиялық қызметтерінен босатылды. Ол бұған дейін Қазақстанның Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі, сондай-ақ Исландия мен Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қатар атқарған болатын. Президент Жарлығымен Ілиясов енді Вашингтондағы елшілік миссиясын басқарады.