Жаңалықтар

Түркістан облысы: Денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру

Түркістан облысындағы денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру бойынша деректерді назарға ұсынамыз,- деп хабарлайды newsroom.kz

Денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру жұмыстары уақыт күттірмейтін мәселе.

Бүгінгі күнде Түркістан облысындағы денсаулық сақтау саласын цифрландыру үдерісі сауықтыру және алдын алу, ауруды ерте анықтау, медициналық көмек көрсету және ауруды басқару және оңалту сынды 4 бағытта жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау нысандарының инфрақұрылымын қамтамасыз ету бағытында компьютерлік техникамен қамтылуы 100 пайызды құрап отыр.

Түркістан облысында бүгінде 38 медициналық ұйым медициналық ақпараттық жүйеге қосылып, 100 пайыз қамтылған.

Қағазсыз құжат айналымы да өз жолын тапты.

38 медициналық ұйымынан 38 (100 пайыз) медициналық ұйым ішінара қағазсыз құжат айналымына ауыстырылды. 121 медициналық нысаннан 121 (100%) медициналық нысан электрондық нұсқаға көшірілді.

Әр емханада мобильді қосымшаларды пайдалануды түсіндіру мақсатында науқастарға цифрлық көмек көрсету бекеттері ашылған. Соның арқасында бейінді мамандарға 11 жолдама бойынша қабылдау уақыты 4-5 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік туды. Ол бұрын 1-2 апта болатын.

Ауруларды ерте анықтау – медицина саласының басты талаптарының бірі.

Дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу барысы 76,4 пайыз электронды түрге жеткізілді.

Облыс көлемінде 1 798 660 (100 пайыз) электрондық денсаулық паспорты жасалды. 4525 дәрігер және 14 695 орта буынды қызметкерлер толығымен медициналық ақпараттық жүйе бойынша курстан өтті.