Жаңалықтар

Түркістан облысында цифрландыру саласында қандай шаралар атқарылуда?

Түркістан облысындағы цифрландыруды дамыту шаралары бойынша деректерді назарға ұсынамыз,- деп хабарлайды newsroom.kz

"Бизнес әмиян" жобасының қамтылуы

2024 жылдың соңына дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестікке берілген 458 мектеп (420 мектеп, 38 мектеп-интернат) асханасының 210-ына ақпараттық бағдарламалық комплекс (АБК) орнатылып, "Әлеуметік әмиян" жобасымен толық интеграция жасалады. Қалған 248-і "Бизнес әмиян" жүйесіне енгізіледі. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап, 2 ай мерзімде оларға АБК орнатылып, интеграция жасалмақ. Одан басқа 457 мектепке "Бизнес әмиян" енгізу жұмыстары жүруде.

"Әлеуметтік" әмиян жобасының мақсаты – азаматтардың әлеуметтік төлемдерді алу және оларды ҚР Ұлттық Банкінің төлем жүйесі базасында жедел төлемдер жүйесін (ЖМЖ) пайдалану рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған цифрлық төлем құралын жасау.

2022 жылы Әлеуметтік әмиянды енгізу үшін құқықтық негіз бекітілді және Астана қаласында "Әлеуметтік әмиян" пилоттық жобасын техникалық іске қосу жүзеге асырылды..

2024 жылың 13 қарашадағы dalanews.kz сайты мәліметінше, Цифрландыру ұлттық экономикамызға қозғау салып, тұрақты жұмыс орындарының құрылуына септігі тимек. Цифрландыру, жалпы алғанда жұмыс орындарын құрудың жаңа толқынын бастауға жол ашады. Және де жаңа технологиялардың отандық экономикаға бейімделуін қамтамасыз етіп, оларды әзірлеудің қозғаушы күшіне айналып келеді.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан облысында біраз жұмыс қолға алынды. Ендеше, бағдарлама аясындағы басым бағыттар саналатын 5 сала бойынша атқарылған жұмыстарға аз-кем тоқталсақ.

Алдымен білім беру саласындағы жұмыстарды зерделеп көрсек. Облыста мектепке дейінгі 1385 білім беру ұйымы бар, онда 150541 бала оқиды. Бүгінде «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жолдама беру және кезекке қоюды автоматтандыру» жобасымен 725 (53%) мектепке дейінгі білім беру ұйымы қамтылып отыр.

Бүгінде облыста мобильді интернетпен қамту аумағы кеңейіп, 149 жаңа елдімекен қосылған. Сондай-ақ, алғаш рет аудан орталықтарында 5G байланысы іске қосылды. Түркістан қаласынан бөлек, Сарыағаш пен Жетісай аудандарында да жаңа технология қолжетімді. Бұдан бөлек, IT-білім беруді жаңа деңгейге көтеру мақсатында алғаш болып жасанды интеллект мектептері ашыла бастады. Сонымен қатар, шетелдік жетекші IT-компанияларымен әріптестік орнатылып, компьютер жабдықтары, телекоммуникация, бағдарламалау және әлеуметтік медиа саласындағы шетелдің үздік компанияларымен байланыс жолға қойылды. Одан бөлек, өңірде Халықаралық «IT Park» және «Woosong IT» университетінің филиалын ашу туралы келісім жасалды. Алғашқы келісім Қытайдың «Beijing Fende» компаниясымен және Кореяның «Woosong IT» университетімен бекітілді.