Жаңалықтар

Цифрлық экономиканың негізі – инвестиция

Түркістан облысындағы цифрландыруды дамыту шаралары бойынша деректерді назарға ұсынамыз,- деп хабарлайды newsroom.kz

Инвестициялар мен IT-индустрияны дамыту

Цифрлық экономиканың негізі – инвестиция мен инновация. Түркістан облысы осы бағытта үлкен қадам жасап отыр. Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада өңірден 81 жоба тіркелген, жалпы құны – 1,9 триллион теңге. Бұл көрсеткіш бойынша облыс Қазақстанда көш бастап тұр.

Облыста Turkistan IT hub орталығы ашылып, стартаптар мен жас мамандарды қолдау жүйесі құрылды. Мұнда бағдарламашылар, инвесторлар мен кәсіпкерлер тәжірибе алмасып, жаңа жобалар әзірлеуге мүмкіндік алады.

Сонымен қатар Кореяның жетекші оқу орындарының бірі – Вусонг университетінің филиалы ашылмақ. Жоба аясында технологиялық парк салу жоспарланып отыр. Онда электроника өндірісі, оптикалық кабельдер шығару, электромобильдерге қызмет көрсету орталықтары бой көтермек.

Бұл бастамалар Түркістан облысын аймақтық IT-орталыққа айналдырып, жаңа жұмыс орындарын құруға, жастарды инновацияға тартуға жол ашады.

Халық үшін артықшылықтар

Жүргізіліп жатқан барлық жұмыстардың түпкі мақсаты – халықтың өмірін жеңілдету. Цифрлық қызметтердің дамуы мынадай артықшылықтар беруде:

• Мемлекеттік қызметтерді кезексіз, онлайн алу мүмкіндігі;

• Балалардың оқу процесін қадағалау жеңілдеуі;

• Шалғай ауыл тұрғындары үшін интернет арқылы білім мен медицинаға қол жеткізу;

• Жаңа жұмыс орындары мен IT-мамандықтарының ашылуы;

• Жастардың инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндігі.

Электронды мемлекеттік қызметтер

Түркістан облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру белсенді жүріп жатыр. 2022 жылы «Цифрлық даму орталығы» құрылып, аймақтағы барлық автоматтандыру жұмыстарына жетекшілік етуде.

Мемлекеттік қызметтердің 91 пайыздан астамы электронды форматта қолжетімді. Бұған қоса 33 жаңа қызмет қосылды. Бұл халықтың қағазбастылықтан арылып, уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар «109 – Бірыңғай байланыс орталығы» жұмыс істейді. 2025 жылдың алғашқы жартысында орталыққа 42 951 өтініш түскен, оның барлығы дерлік уақтылы орындалды. Бұл халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, сенімділікті арттырды.

Болашақ жоспарлар

• Алдағы жылдары Түркістан облысында цифрландыруға қатысты мынадай ірі жобалар жүзеге асырылмақ:

• Барлық ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамту;

• Мемлекеттік қызметтердің 95 пайызын электронды форматқа көшіру;

• Turkistan IT hub аясында 100-ден астам стартапты іске қосу;

• Технологиялық парк пен жаңа оқу орталықтарын ашу;

• Ауыл шаруашылығын цифрландыру арқылы өнімділікті арттыру.

Түркістан облысы цифрландыру саясатын жүзеге асыруда Қазақстандағы алдыңғы қатарлы аймаққа айналып отыр. Инфрақұрылымдық даму, білім беру жүйесін жаңғырту, мемлекеттік қызметтердің электронды форматқа көшуі және IT-индустрияны өркендету бағытындағы қадамдар – өңірдің болашағы үшін үлкен мүмкіндік.

Алдағы жылдары Түркістан цифрлық технологияларды енгізу арқылы тек Қазақстанның емес, бүкіл Орталық Азияның инновациялық орталықтарының біріне айналуы әбден мүмкін.

Айта кетелік, 2024 жылы 6 желтоқсанда Төлеби ауданы әкімдігінің конференц залында Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Естемесов Мұрат Рашидұлы және аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Серікбаев Лесбек Әуезханұлының төрағалығымен жиын өтті.