Жаңалықтар

Әйел көлігімен басқа машинаның төбесіне шығып кетті

Ташкентте күтпеген жол апаты болды – Cherry көлігін тізгіндеген әйел автотұраққа кірмек болып, Malibu-дың төбесіне мініп кеткен.

Оқиға сәті Instagram-дағы oblakouz парақшасында жарияланып, көпшілікті таңғалдырды.

Парақшада жазылғандай,

“17 қазан күні Махтумқұли көшесінде Cherry Tigo көлігі бордюрге соғылып, содан кейін ауаға көтеріліп, Malibu-2 көлігінің төбесіне қонған. Екі көлік бірінің үстіне бірі қатып қалған. Куәгерлер сене алар емес”, – делінген жазбада.