Тарих

Бауыржан Момышұлының Қонаевқа жазған хаты тарады (+ФОТО)

1966 жылы жазылған Бауыржан Момышұлының Дінмұхамед Қонаевқа жолдаған хаты жария болды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Бұл жөнінде журналист Сырым Итқұлов өзінің Telegram парақшасында жазды. Сол жылы Қонаевты КОКП Орталық комитеті Саяси бюросының мүшелігіне кандидат етіп сайлаған еді.

"Дінмұхамед Ахметұлы! Сізді партиямыздың Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшелігіне кандидат болып сайлануыңызбен құттықтаймын! КПСС-тің XXIII съезі осылайша халқымызға зор мәртебе көрсетті.
Мен өз халқыммен және оның лайықты ұлымен мақтанамын – бұл тарихи факт"– делінген хат мәтініде.

Хат соңында Бауыржан Момышұлы:

"Келінге, ақсақалға бізден сәлем!
Запастағы гвардия полковнигі, әскери жазушы", деп қол қойған.

Бұл сөздер даңқты батырдың өмірінің соңына дейін қарапайымдық пен кішіпейілдікті сақтағанын көрсетеді.

Журналист Сырым Итқұловтың айтуынша, батырдың кеудесіндегі марапаттар саны бүгінгі кейбір әскерилерден аз болғанымен, оның ерлігі мен рухы — ұлттың ең үлкен медалі болып қалды.

Құнды хатты Дінмұхамед Қонаевтың немере інісі Димаш ұсынған. Ол — жазушы Мұхтар Әуезовтің шөбересі.

фотолар: ашық дереккөздерден