Ғалымдар дабыл қақты: Жер бетіндегі адамдардың 99%-ы дұрыс тамақтанбайды
Әлем халқының небары 1 пайызы ғана денсаулыққа пайдалы әрі экологиялық тұрғыдан дұрыс тамақтану принципін ұстанады. Бұл туралы 35 елдің ғалымдары жүргізген ауқымды зерттеу нәтижесінде белгілі болды.
Мамандардың айтуынша, қазіргі азық-түлік өндірісі мен тұтыну жүйесі табиғи тепе-теңдікті бұзып, экология мен адам денсаулығына кері әсер етіп жатыр.
Зерттеу авторлары бұл мәселені шешу үшін «планеталық диета» ұғымын ұсынады. Ол адам ағзасына қажетті барлық қоректік заттарды сақтай отырып, табиғатқа зиянды барынша азайтуды көздейді.
«Планеталық диетаның» негізгі қағидалары мынадай:
🥗 тәрелкенің 50%-ы — көкөніс пен жеміс-жидек;
🌾 30%-ы — тұтас дәнді өнімдер;
🌰 20%-ы — өсімдік тектес ақуыз (бұршақ, жаңғақ, соя және т.б.);
🍖 ет өнімдері — тек шамалы мөлшерде тұтынылады.
Ғалымдардың пікірінше, осы қағидаларды ұстану арқылы миллиондаған адамның өмірін сақтап, жердің экожүйесіне түсетін салмақты азайтуға болады.